Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2019

Еліміздің өсу жолы деп білдім

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның өсу жолын баяндайтын «Қазақтелефильм» жасаған «Менің Қазақстаным» атты 10 сериялы филмі кезінде Санкт-Петербургте өткен телефильмдердің  фестивалінде ІІІ байқауында диплом алғаны фильм жасаушылардың мәртебесін көтерді.

Еліміздің өсу жолы деп білдім

Ғасыр шежіресін таспалаған бүгінгі күні 50 жыл болып отырған Мемтелекомитеттің мұрағатында 14 жасында «Ана туралы» әнді шырқаған Роза Рымбаеваның қайталанбайтын кадрлары  сақтаулы. 1970 жылдан бастап ойын түріндегі  картиналарды  түсіру басталды. Алгаш рет  экранға  шыққан толық метражды  «Сенім» фильмінің ізін ала «Кешкі көкжиек», «Құрманазы»,  «Кездесу», «Оның домбырасының үні ашық» фильмдері де көпшілік көңілінен шықты. Қысқа метражды ленталар да экранға жол тартты.

Бұл  «Рухани жаңғырудың»  бастау кезіндегі дүниелер еді. Режиссер А. Лаптев жастар делегециясының құрамында Вьетнамда болған сапарында өзінің «Қарлар кеткен шақтарда» атты көркем фильмін көргенін айтады.Ал, мен мына келе жатқан мерекелер алдында бүгінгі күні  «Менің Қазақстаным»  дегенде өршіл рухты Роза Қуанышқызының  «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алуы мен үшін де үлкен мәртебе. Мерейің өсе берсін Роза! «Жарқырап жайнай бер, Ұлы Даланың әнші аруы» дерім мереке алдында. Елімнің өсу жолында көрсетін сияқты бұл.