Талдау нәтижелері аймақ бойынша ажалдың алдын алуға дайындықтың төмендігін көрсетіп, қауіптілік деңгейінің 5,5 есеге өскенін көрсеткен.
Жеті оқиға бойынша арнайы зерттеу жүргізіліп, оның бесеуі медицина қызметкерлерінің салғырттығынан болғандығы анықталыпты. Ал екі жағдайдың алдын алуға дәрігерлер дәрменсіз болған.
Сондай-ақ ана мен бала өмірін сақтаудағы салғырттыққа жол берген лауазымды басшылардың екеуі жұмыстан босатылып, 5 адамға қатаң сөгіс жарияланған екен.