Редакциямызға Жамбыл жерінен әділет іздеген хат келіп түскен еді. «Жамбыл-Құнарлылық» акционерлік қоғамының бір топ акционерлері қол қойған бұл хатпен бірге осы ғасыр басында басталып, күні бүгінге дейін әділетсіз жолмен сағыздай созылған істің барлық деректері қоса тіркелген екен. Сол құжаттармен етене таныса келіп, бір топ акционер жазған хатта баяндалған оқиғаны шып-шырғасын бұзбай оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
Редакциямызға Жамбыл жерінен әділет іздеген хат келіп түскен еді. «Жамбыл-Құнарлылық» акционерлік қоғамының бір топ акционерлері қол қойған бұл хатпен бірге осы ғасыр басында басталып, күні бүгінге дейін әділетсіз жолмен сағыздай созылған істің барлық деректері қоса тіркелген екен. Сол құжаттармен етене таныса келіп, бір топ акционер жазған хатта баяндалған оқиғаны шып-шырғасын бұзбай оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
«2004 жылдың наурыз, сәуір, шілде айлары аралығында «Жамбыл-Құнарлылық» ААҚ-тың дауыс беруге құқығы бар 49,9 пайыз акциясын Азамат Алишев сатып алып, оны ҚР «Бағалы қағаздар туралы» Заңының 36-бабына сай бағалы қағаздарды тіркеу орталығына тіркетеді. Сосын аталған акционерлік қоғамның президенті Сағымбай Жұмановқа хабар беріп, ірі акционер ретінде А.Алишев өзіне берілген құқықтарға сәйкес С.Жұмановқа кезектен тыс акционерлік жиын өткізуді ұсынған еді. Алайда С.Жұманов жиын өткізуден бас тартты» деп басталады бізге келіп түскен үшбу хат.
С.Жұманов жиналыстан бас тартқаннан кейін акционер А.Алишев ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 14-бабы 2-бөлігіне сүйене отырып С.Жұмановты Тараз қалалық сотына береді. Өйткені, заңның бұл бабында «егер акция иесінде акционерлік қоғамның 10 пайыз акциясынан көп құнды қағаз болатын болса, ол жағдайда кезексіз акционерлік жиын жасатуға құқылы» деген жолдар бар.
2005 жылдың 11 ақпаныкүніТаразқалалықсотыС.Жұмановқа «кезексізжиынжасауғаміндеттісіз» дегеншешімшығарыпбереді. Ол шешіммен келіспеген С.Жұманов Жамбыл облыстық сотына аппелияциялық арызын жазады. Шағымды қараған облыстық сот та 2005 жылдың 18 мамыры күні «кезексіз акционерлік жиын өткізуге міндетті» деген қалалық соттың шешімі дұрыс екендігін растайды. Алайда, 2008 жылдың 1 тамызында «сот шешімін орындамағаны үшін» С.Жұмановтың үстінен ҚР ҚК 362-бабы 2-бөлігі және «қызметтік бабын асыра пайдаланды» деп ҚР ҚК 228-бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, оны созбалап келеді де, «қылмыс құрамы жоқ» деген желеумен істі жауып тастайды.
Содан «Жамбыл-Құнарлылық» ААҚ-тың акционерлері жергілікті құқық қорғау органдарының басшыларына түсірген шағымдары жауапсыз қалғандықтан, шарасыздан Бас Прокурор мен Ішкі істер министрінің атына шағымданады. 2011 жылдың 26 желтоқсанында аталған қылмыстық іс қайта жаңғыртылып, тергеу басқармасының тергеушісі Б.Бейсбаевқа тапсырылды.
Тергеуші Б.Бейсбаев алдын ала тергеу амалдарын жүргізіп, С.Жұмановтың қылмысын әшкерелейтін көптеген дәлелдерді анықтағаннан кейін, сотталушы С.Жұмановтың үстінен 2012 жылдың 26 сәуірі күні ҚР ҚК-нің 325-бабы 2-3-бөліктерімен және 176-бабының 3-бөлігі «б» тармағы бойынша іс қозғайды. Бұдан бөлек, С.Жұмановтың үстінен 2012 жылдың 13 сәуірінде жәбірленуші К.Абдуллаеваның арызы бойынша ҚР ҚК-нің 177-бабы 3-бөлігі «б» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалады. Сөйтіп, 2012 жылдың 9 маусымы күні С.Жұмановты қасақана жасаған ауыр дәрежелі қылмыстары үшін ҚР КІЖК-нің 132-бабы бойынша қамауға алады. Бірақ, арада 2 тәулік өтпестен 2012 жылдың 11 маусымы күні Тараз қаласының прокуратурасы С.Жұмановты бостандыққа шығарып жібереді және бұл жөнінде қарсы тарапқа түсінік те бермейді.
Бостандыққа шыққаннан соң С.Жұманов «Жамбыл-Құнарлылық» ААҚ-тың бас есепшісі Т.Анипеченкомен ұйымдасып, акционерлердің жиналысын өткізбестен, заң талаптарын өрескел бұза отырып, аталмыш мекеменің атауын «Жамбыл-Құнарлылық-1» ЖШС деп өзгертіп алады. Сөйтіп, астыртын әрекет жасасқан екеу аталмыш қоғамның құнды қағаздарын өзара бөлісіп С.Жұманов өз атына 88,8 пайыз, ал бас есепші Т.Анипиченконың атына 11,25 пайыз акцияны жазып береді.
Бұл іске наразы болған акционерлердің шағымы бойынша істі қараған Тараз қалалық сотының судьясы Н.Нұрлыбекова 2012 жылдың 18 қыркүйегінде «Жамбыл-Құнарлылық» ААҚ «Жамбыл-Құ