Руханият • 14 Желтоқсан, 2019

Димаш Құдайберген тыңдармандарына алғыс айтты

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемге танымал қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген фанаттарына алғыс айтты. Бұл туралы әнші өзінің instagram-парақшасында жазды.

Димаш Құдайберген тыңдармандарына алғыс айтты

«Рахмет, Америка. Рахмет, Нью-Йорк. Ризамын сендерге, dears. Мен сендерді шексіз жақсы көремін. Қарапайым ғана еңбегіме әрдайым қолдау көрсетіп, көкке көтергендерің үшін алғысым шексіз. Видео кейінірек болады. Ал менің Америкадағы «Арнау» атты концертімнің толық ТВ нұсқасы жақында жарыққа шығады» деп жазды Димаш Құдайберген.

Әйгілі әншінің Нью-Йорктегі концерті үлкен аншлагпен өтіп, Barсlays center аренасы жұртшылыққа лық толы болған еді.

Еске сала кетсек, Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі концертінен елге орала салысымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды.