Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2019

Еліміздің басым бөлігін тұман басады

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Нұр-Сұлтан қаласында және 5 облыста дабылды ескерту жасады.

Еліміздің басым бөлігін тұман басады
16 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы ­– 90-95%. 
 
16 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерінде тұман күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

Нұр-Сұлтан қаласында 15 желтоқсанда таңертең және күндіз тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 95-100% делінген хабарламада.

16 желтоқсанда күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күшеюі кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.  

16 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.  

16 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерінде тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.