Қазақстан Президентінің Жарлығымен мемлекетке сіңірген еңбегі үшін Парламент Сенатының депутаты Төлеубек Мұқашев ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Сенат депутаттары Мұрат Бақтиярұлы, Ғұмар Дүйсембаев, Манап Көбенов, Марат Тағымов және Сенат аппаратының басшысы Серік Сыдықовтың еңбектеріне орай «Парасат» ордені берілді.
Парламентаралық Ассамблея қызметіне белсенді қатысқаны үшін ТМД Парламентаралық Ассамблеясының қаулысымен сенаторлар Владимир Волков пен Ерболат Мұқаев «Достастық» орденімен марапатталды. Сенат депутаттары Серік Бектұрғанов пен Әлімжан Құртаевқа «Парламенттік ынтымақтастықты нығайтқаны үшін» медалі, Дәурен Әділбеков, Нұрлан Бекназаров, Абдалы Нұралиев, Нұржан Нұрсипатовқа Құрмет грамоталары берілді.
Нұрлан Бекназаров, Бекмырза Еламанов, Манап Көбенов, Бақтыбай Шелпеков, Динар Нөкетаева, Рысқали Әбдікеров пен Михаил Бортникке Парламент Сенаты Төрағасының Алғыс хаттары мен Nur Otan партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгілері табыс етілді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.