Тәуелсіздік табыстарына депутаттық корпустың да қосқан үлесі зор. Мемлекеттік және қоғамдық қызметі үшін, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Мәжіліс депутаттары Асқар Базарбаев пен Глеб Щегельский «Парасат» орденіне, Мәжіліс аппараты басшысының орынбасары Дархан Медеубай «Құрмет» орденіне ие болды. Ал «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалі Мәжіліс депутаттары Иван Клименкоға, Мансурхан Махамбетовке, Тарас Хитуовқа, Петр Шарапаевқа табыс етілді. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы аппарат қызметкерлері Асқар Жақыповқа, Марат Садықовқа және Айнаш Тәшімоваға берілді. Мәжіліс Төрағасы сондай-ақ Мәжіліс депутаттарына ТМД Парламентаралық Ассамблеясының және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының наградаларын табыс етті, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.