«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласы әкімдігі және бірқатар компаниялардың қолдауымен ұйымдастырылып отырған айтулы жарыста 12 жекпе-жек өтеді.
Атап айтсақ, екінші жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық Мирасәлі Сәрсенов (1-0, 1 КО) әзірбайжандық Асқар Рагимовпен (3-3, 1 КО) қолғап түйстіреді.
Бірінші жартылай орта салмақтағы Нұрдос Төлебайдың (1-0) да қарсыласы дәл сол мемлекеттен. Ол Рамиз Маммадовпен (1-0) күш сынасады.
Жеңіл салмақтағы Рай Сейтжанов (1-0) грузиялық Гиорги Абуладземен (11-1-9, 4 КО) айқасады.
«MTK Global Kazakhstan» командасы сапындағы бірінші жартылай орта салмақтағы әйгілі өзбек боксшысы, Олимпиада чемпионы Фазлиддин Гаибназаров (7-1, 4 КО) Филиппин елінің өкілі Райан Сермонамен (21-1-10, 14 КО) шеберлік байқасады.
Сондай-ақ, өзге бәсекелер мына былғары қолғап шеберлері арасында өтеді:
Ескендір Харсан (Қазақстан, 7-0, 6 КО) – Томас Эссомба (Камерун, 9-5, 3 КО), аса жеңіл салмақ
Нұртас Әжбенов (Қазақстан, 7-0, 3 КО) – Лэнди Крис Леон (Филиппин, 13-20-5, 6 КО), жеңіл салмақ
Елшат Нығметолла (Қазақстан, 15-0-1, 5 КО) – Крис Альфанте (Филиппин, 17-7-1, 9 КО), аса жеңіл салмақ
Абай Төлеш (Қазақстан, 4-0, 3 КО) – Томаш Безвода (Чехия, 8-10, 5 КО), орта салмақ
Хуршид Тожибаев (Өзбекстан, 3-0, 2 КО) – Айзек Джуниор (Индонезия, 26-13-3, 9 КО) екінші жартылай жеңіл салмақ
Алиу Бамиделе Ласиси (Нигерия, 13-0, 8 КО) – Хамсон Ламандау (Индонезия, 10-4-1, 7 КО) екінші жартылай аса жеңіл салмақ
Ал осы бокс кешінде екі бірдей алтын белбеудің сарапқа салынатынын естеріңізге сала кетейік. Тарқатып айтсақ, әлі ешкімнен жеңілмеген жеңіл салмақтағы қазақстандық Виктор Коточигов (10-0, 4 КО) өзіне тиесілі WBC International нұсқасының чемпиондық тәжін қорғап қалу үшін Аргентинаның азулы боксшысы Хавьер Хосе Клаверомен (27-5, 5 КО) күш сынасады.
Екінші жартылай жеңіл салмақтағы Сұлтан Зәуірбек (8-0, 6 КО) WBC Youth World Champion нұсқасының алтын белбеуі үшін қытайлық Лешан Лимен (16-3-2, 9 КО) жұдырықтасады.