27 Шілде, 2013

Форум аясындағы ықпалдастық аталды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Уақытша сенімді өкілі Данияр Сарекенов Дүниежүзілік ислам экономикалық форумның (ДИЭФ) Бас хатшысы Тан Сри Ахмад Фузи Абдул Разакпен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Форум арасында қалыптасқан тиімді ынтымақтастық атап өтілді. Тараптар ғаламдық экономикада Азия елдерінің рөлі арта түскенін назарға ала отырып, алдағы уақыттағы қарым-қаты­нас­тардың перспективаларын талқылады.

ДИЭФ Бас хатшысы Қазақстанды Фо­рум­ның сенімді әріптесі және белсенді қаты­су­шы ретінде атап өтіп, қазақстандық тарап­ты 2013 жылы 29-31 қазанда Лондонда өте­тін «Ауыспалы әлем: жаңа қатынастар» атты 9-шы сессиясына қатысуға шақырды.

А.Фузи Лондон форумында Таяу Шығыс, Оң­түс­тік пен Оңтүстік-Шығыс Азия және Аф­ри­ка елдерінен мемлекет және үкімет бас­шы­­ларының қатысуы күтілетіні туралы айтты.

ДИЭФ мұсылман елдерінің іскерлік әріп­тестігінің әлеуетін дамытуға арналған үнқа­тысу алаңы ретінде 2003 жылы Путражаяда (Ма­лай­зия) өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымы Мемлекет басшыларының 11-ші саммиті барысында құрылған болатын.