- Қазір қалада 115 мектеп пен 125 мың оқушы бар. Халықтың өсуімен қалада әлеуметтік объектілерге жүктеме өсуде. 8 мектеп қазір үш ауысымды оқытумен жұмыс істейді. Үш ауысымды оқытумен байланысты мәселені шешу үшін жылына кемінде 10 оқу орнын салу қажет. 2020 және 2021 жылдары 12 мектептен саламыз. Бірінші кезекте мектеп құрылысына арналған орындар анықталды. Мектептердің құрылысына жеке инвесторларды тартамыз. Өңірлік кеңесте 22 мың оқушы орнына жеке инвестиция есебінен 22 мектеп салу қолдау тапты, - деді А. Көлгінов.
Кешенді жоспар шеңберінде 5 жылдық кезеңге 60 мың орындық 50 мектеп (оның ішінде 10 мектеп қазіргі мектептер аймағында) салу жоспарланған. 2 ауысымда бұл 120 мыңға жуық орын ашуға мүмкіндік береді. Жоспарларды іске асыру 2025 жылға қарай мектеп орындарындағы ағымдағы және перспективалық қажеттіліктерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Елордада еңбек етуге қолайлы жағдай жасау үшін 350 орынға есептелген мұғалімдерге арналған жатақхана салынды. Оқытушылық кадрларды даярлауға гранттар бөлінеді.