Руханият • 20 Желтоқсан, 2019

«Мұзбалақ» анимациялық фильмі Душанбеде көрсетіледі

599 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Мұзбалақ» анимациялық фильмі Душанбеде көрсетіледі

22 желтоқсанда Тәжікстан астанасы Душанбе қаласындағы Кино үйінде («Зебуннисо» кинотеатры) Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Мұзбалақ» толықметражды анимациялық фильмі көрсетіледі.

Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан саятшылық мәдениеті туралы сыр шертетін бұл анимациялық туынды бүркіт пен адамның достығы туралы баяндайды.

Айта кетейік, желтоқсанның 2-5 күндері аралығында Израильде өткен «NEAR NAZARETH FESTIVAL» фестивалінде «Мұзбалақ» фильмі үздік анимациялық фильм жүлдесіне ие болды.

Фильмнің режиссерлері –Тұрдыбек Майдан және Тілек Төлеуғазы.