27 Шілде, 2013

Усама бен Ладеннің жеке автоматы мұражайға қойылды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Усама бен Ладен 2

Кезінде «Әлемдегі №1 лаңкес» атанған, осыдан біршама уақыт бұрын арнайы операция барысында оққа ұшқан атақты Усама бен Ладен жеке қолданған АК-47 автоматы Американың Верджиния штатында орналасқан орталық барлау басқармасының штаб-пәтеріндегі мұражайға қойылды. Бұл туралы британдық «Дейли телеграф» газетінің ақпарына сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.

Автомат 2011 жылдың мамыр айында Пәкстанның Абботтабат қаласында өткен АҚШ арнайы жасағының террористің көзін жою іс-шарасы барысында қолға түсті. Теңіз жаяу әскерінің сарбаздары өздерімен бірге бен Ладеннің өлі денесінен бөлек, оның көптеген құжаттарын, жеке заттары мен қаруын Америкаға алып келген болатын. Қазір АК-47 автоматы орталық барлау басқармасының мұражайына қойылды. Бұл музейге тек орталық барлау басқармасының қызметкерлері мен арнайы шақырылған азаматтар ғана кіре алады.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар

Әскери дрон – қуатты қару

Айбын • Бүгін, 08:40

Аманатқа адалдық

Қоғам • Бүгін, 08:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:30

Рубиндегі ертоқым

Жәдігер • Бүгін, 08:25

«Париждегі екі әйел»

Өнер • Бүгін, 08:20

Күн қайда асығады?

Қоғам • Бүгін, 08:15

Саяси жүйені нығайту қадамы

Саясат • Бүгін, 08:00