Президент • 20 Желтоқсан, 2019

Президент: Қылмыстық кодекстің 130-бабы декриминализацияланады

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қылмыстық кодекстің 130-бабы декриминализацияланатынын айтты.

Президент: Қылмыстық кодекстің 130-бабы декриминализацияланады

«Бұған дейін де талқыланып, қоғамда қызу пікірталас тудырып келе жатқан тағы бір маңызды мәселе - бұл Қылмыстық кодекстің жала туралы 130-бабы. Ұлттық кеңестің бірінші отырысында да бұл мәселе көтерілген еді. Бұл бапты декриминализациялау ұсынылды. Десе де қарсы аргументтер де бар. Кейбір қоғам мүшелері, тіпті құқық қорғаушылар Қылмыстық кодексте бұл норманы сақтауды жақтап отыр. Өйткені әңгіме адамның құқығын қорғау, оның абыройы мен ар-намысын сақтау жайында болып отыр. Кейбір мемлекеттік органдар 120-баптың бірінші тармағына ғана өзгертулер енгізуді ұсынды», Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қылмыстық кодекстің 130-бабын өзгерту мәселесі бойынша ғана Ұлттық кеңес мүшелері мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен бірнеше жұмыс талқылауы өткен.

«Барлық ұстанымдарды және бұл мәселенің ерекшеліктерін сараптау қорытындысы мен Қылмыстық кодекстің 130-бабын декриминализациялау және оны Әкімшілік кодекске ауыстыру туралы шешім қабылдадым. Бұған қоса, өзге адамдардың құқығына кепіл беру және оларды жала өсек пен орынсыз айыптаулардан қорғау үшін жауапкершіліктің жоғары шараларын сақтау қажет», деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында.