27 Шілде, 2013

Солтүстік Кореяда әскери шеру болды

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Корея военный парад 1

ҚХДР астанасы Пхеньян қаласының Ким Ир Сен атындағы алаңында корей соғысының аяқталғанына 60 жыл толуына орай әскери шеру болып өтті. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Солтүстік Корея мемлекетінің басшысы Ким Чен Ын мен республиканың басқа да жетекшілері жиналған алаңнан Корей Халық әскері мен жұмысшы-шаруалар қызыл гвардиясының бөлімшелері, сондай-ақ әскери техникалар жүріп өтті. Зымыран соққылары мен әуе шабуылдарына қарсы көріністер көрсетілді. Әскери шеру барысында тұңғыш рет Солтүстік Кореяда жасап шығарылған ұшқышсыз ұшатын аппараттар халық назарына ұсынылды.

Әскери шеруді Корей Халық әскерінің бас қолбасшы ретінде мемлекет президенті Ким Чен Ын қабылдады. Мерекелік шеруге арнайы ресми делегацияны бастап ҚХР төрағасының орынбасары Ли Юаньчао келді. Жеңіс күніне арналған салтанатты шараға Қытайдан бөлек, Сирия, Куба, Вьетнам, Иран, Лаос, Үндістан, Индонезия, Мазамбик, Танзания, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің ресми және әскери делегациялары қатысты.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар

Әскери дрон – қуатты қару

Айбын • Бүгін, 08:40

Аманатқа адалдық

Қоғам • Бүгін, 08:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:30

Рубиндегі ертоқым

Жәдігер • Бүгін, 08:25

«Париждегі екі әйел»

Өнер • Бүгін, 08:20

Күн қайда асығады?

Қоғам • Бүгін, 08:15

Саяси жүйені нығайту қадамы

Саясат • Бүгін, 08:00