Спорт • 23 Желтоқсан, 2019

Катар кубогі: Илья Ильин 5-орынға ие болды

645 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дохада ауыр атлетикадан «Катар кубогі» лицензиялық турнирі жалғасуда. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Катар кубогі: Илья Ильин 5-орынға ие болды

76 келіге дейінгі салмақта Екатерина Быкова 210 (93+117) келіні бағындырып, 7 орынға жайғасса, 87 келіге дейінгі салмақ жәредесінде қатысқан Раушан Мешітханова 216 (99+117) келіні бағындырып, төртінші орыннан көрінді.

Сонымен қатар ол осы көрсеткішімен құрамаға кіші қоланы әкелді. Ал 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарысқа шыққан Илья Ильин 365 (165+200) келіні бағындырып, 5-ші орынға ие болды.