29 Шілде, 2013

Алматы ғалымдары қатерлі ісікті тез анықтайтын әдіс тапты

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қатерлі ісік

Алматылық ғалымдар адам ағзасындағы қатерлі ісіктің бар-жоғын анықтайтын тың тәсіл ойлап тапты. Оның көмегімен обыр сырқатын бар болғаны он минөт ішінде анықтауға болады. Бұл туралы «Жетінші» телеарна хабарлады.

Алматы қаласында орналасқан Қазақстан-Жапон инновациялық орталығының қызметкерлері қан құрамындағы сары суды жақыннан сәулелендіру арқылы қай мүшенің обырға шалдыққанын дөп басып айта алады екен. Үш жыл бұрын қолға алынған бұл істің нәтижесі бар секілді. Осы уақыт аралығына дейін ғалымдар жеке клиникалармен бірлесіп, мың жарымға тарта азаматтың қан құрамын тексерген. Ал оның қорытындысы іс жүзінде дәлелденген. Қазақстан-Жапон инновациялық орталығының директоры Диас Мырзақожаның айтуынша, қатерлі ісікті жедел анықтайтын тың тәсіл әлі медицина саласына толық енгізілмеген. Себебі, оны іске асыруға қаржы тапшылығы кедергі келтіріп тұр.

Данияр Түймебай.

Соңғы жаңалықтар

Әскери дрон – қуатты қару

Айбын • Бүгін, 08:40

Аманатқа адалдық

Қоғам • Бүгін, 08:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:30

Рубиндегі ертоқым

Жәдігер • Бүгін, 08:25

«Париждегі екі әйел»

Өнер • Бүгін, 08:20

Күн қайда асығады?

Қоғам • Бүгін, 08:15

Саяси жүйені нығайту қадамы

Саясат • Бүгін, 08:00