Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2019

Полицейлер музейлерге саяхат жасады

513 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыружәне жастардың бойына патриоттық рухтағы сезім ұялату мақсатында Маңғыстау облысы Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының ұйымдастыруымен қала, аудан полиция басқарма, бөлімдерінің инспекторлары жас мамандармен, үміткерлермен бірге Маңғыстау облысының аумағында орналасқан өлкетану мұражайларына саяхат жасады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Полицейлер музейлерге саяхат жасады

Мәселен, Маңғыстау ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері өлке тарихымен, ұлттық құндылықтарымен танысу мақсатында Шетпе селосында орналасқан орталық өлкетану мұражайы және Серікбол Қондыбаев атындағы мұражайға барып, белгілі әдебиеттанушы, жазушы С.Қондыбаевтың өмірі, қазақ мифологиясына қосқан үлесі туралы көп мағлұматтар алды.

Бейнеу ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері бейнеулік жастарды бастап аудандық тарихи-өлкетану мұражайына саяхаттап қайтты.

Қарақия ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері және жаңадан тағайындалған жас мамандар мен үміткерлерді «Геолог-барлаушылар» мұражайына экскурсияға апарды.

Түпқараған ауданы Полиция бөлімінің полицейлері Форт-Шевченко қаласының этнографиялық мұражайының ішкі құндылықтарымен танысса, Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері қалалық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасады.

Жас мамандар Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейлерімен танысу барсында – киелі түбекті қашаннан мекендеген қаһарман халықтың өмір салтын бүкпесіз бейнелейтін жауһар жәдігерлер мен қасиетті шаңырақпен 1975 жылы құрылған музей қорындағы 58 мыңға жуық ұлттық құндылық пен тарихи жәдігерлермен танысып, Маңғыстаудың тұмса табиғаты мен тарихы және этнографиясымен таныстырып қана қоймай, халықты зиялы қауыммен табыстыратын рухани орталыққа айналған музейдегі әлемнің түкпір-түкпірінен келетін жиһанкездердің тарихымен де танысты.

Қызметкерлер «Туған-жер» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған саяхатта мұражайлар қорындағы жәдігерлердің негізін құрайтын өлкедегі мол қазба жұмыстары арқылы табылған археологиялық, палеонтологиялық жинақтар, гербарийлер, сонымен қатар мұражайдың негізгі мақтанышы болып есептелетін Маңғыстаудың ерекше зергерлік бұйымдары және киіз үй жабдықтары, өлке жеріне белгілі тарихи тұлғалар мен мәдениет, өнер, әдебиет, ғылым, халық ағарту, денсаулық сақтау, өндіріс салаларында ерекше еңбегі сіңген қайраткерлер жөнінде және мекеме, өндіріс орындары туралы құжаттармен танысып, рухани-дуниетанымдарын дамытты. Сонымен қатар, мұражай қорында жергілікті тұрғындар мен Маңғыстауға келген алғашқы орыс қоныстанушылары ұстап тұтынған тұрмыстық бұйымдар, еңбек құралдары, фотошежірелер, өлкенің табиғаты, өсімдіктері мен жануарлар дүниесін көрсететін әртүрлі тұлыптар мен ылғалды препараттар жайында мағлұмат алды.