27 Наурыз, 2010

МӘСКЕУДЕ КЕШ ӨТТІ

591 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Ресейдің Бейбітшілік және ке­­­лісім Федерациясының, Мәскеудегі “Қазақ тілі” қоғамының және Ре­сей Жазушылар одағының ұйым­дас­тыруымен өткен әдеби кеш жа­зушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М. Шолохов және П.Пи­куль атындағы Халықаралық сый­лықтардың лауреаты, Ресей әдебиет академиясының академигі Сәбит Досановтың жетпіс жасқа толған мерейтойына арналды. Кеш­ті орыс­тың көрнекті ақыны, көп­теген әдеби сыйлықтардың лау­реаты Люд­мила Щипахина жүргізіп отырды. Қазақстан Республикасының Ре­сей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұ­рыс­­беков бұл әдеби кештің тағ­дыр­лас көрші екі ел Президенттері Н.Ә. Назарбаев пен Д.А. Медведев жүр­гізіп отырған сарабдал саясат­тың мә­уе­лі жемістерінің бірі, дос­тық қарым-қатынастың салтанаты екенін атап айтты. Ал, Ресей Мем­лекеттік сыйлығының лауреаты Жұмабек Желқобаев кештің тәр­бие­лік мәніне тоқтады. Онан кейін сөз алған көрнекті сыншы Феликс Кузнецов, М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Валентин Со­рокин, академик-тарихшы Валентин Осипов, Ресей Әдебиет академия­сы­ның президенті Владимир Мирнев, татар әдебие­тінің көрнекті өкілі Ямиль Мус­та­вин және басқалар “Ақ аруана” по­весі мен “Екінші өмір”, “Тау жо­лы” романдарының, “Жи­ыр­ма­­сын­шы ғасыр” эпопеясының авторы Сә­бит Досановтың Ресейде ғана емес, Еуропа елдеріне де ке­ңінен танымал, кең құлашты, кемел ойлы суреткер екендігін нақты фак­тілер арқылы сүйсіне әңгімеледі. Ар­мян ақыны Глан Онянян, орыс ақы­ны Людмила Щипахина, т.б. ме­рей­той иесіне арналған өлеңдерін оқы­ды. Кеш барысында сөз алған гене­рал-лейтенат Ерлан Мырзабеков көр­­некті мемлекет қайраткері, Мем­ле­кеттік Думаның депутаты Ген­надий Зюгановтың мерейтой ие­сі­не деген ыстық ықыласты құт­тық­тауы мен сый-сияпатын жеткізсе, Раушан Қанапиянова Мемлекеттік Дума­ның ескерткіш медалін тапсырды. Кешке Ресей мәдениеті мен әдебиетінің, ғылымы мен өнерінің көр­некті өкілдері, қоғам қайрат­кер­лері, мәскеулік қазақтар, студент және жұмысшы жастар қатысты. “Егемен-ақпарат”.