Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2019

Ауылда мәдениет үйі ашылды

781 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласына қарасты Баймұрат батыр ауылында жаңа мәдениет үйі ашылды. Жаңа нысанда 150 орындық көрермен залы, кітапхана, үйірме, хореография залдары, ардагерлер бөлмесі бар.

Ауылда мәдениет үйі ашылды

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған, жалпы құны 272 млн теңге болатын мәдениет үйінің ашылуына қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, ауыл тұрғындарын жыл тоғысындағы жаңалықпен құттықтады.

Мемлекеттік – жекеменшік әріптестік арқасында талай мәселе оң шешімін тауып жатыр. Соның бір дәлелі – осы мәдениет үйі. Жаңа нысан ауылдың өнерпаз жастарынның жұлдызын жағатын орын болатынына сенімдімін. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!, деді Нұрлыбек Мәшбекұлы.

Алдағы уақытта бұл мәдениет үйінде ән, би, көркемсөз, домбыра үйірмелері ашылып, «Сыр Орда» ВАА мен әжелер ансамблі орын тебеді. Он үш адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Айта кету керек,  ауылда мәдениет үйін салу мәселесі бұған дейін есептік кездесулерде жиі көтерілетін мәселелердің бірі болатын. Қала билігі ауыл тұрғындарына берген уәдені орындау үшін жедел шешімдер қабылдап, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында әдемі ғимарат бой көтерді.

Жалпы, қаламен қатар қалаға қарасты елді-мекендердің әлеуметтік әлеуетін арттыруда бірқатар экономикалық жобалар жүзеге асырылуда.

Жақында ғана Белкөл кентінде кәсіпкерлердің демеушілігімен балалар ойын алаңы мен спорт кешені пайдалануға берілсе, Тәуелсіздік күні қарсаңында Тасбөгет кентінің орталығынан «Карамель» сауда ойын-сауық кешені қолданысқа берілді.

1