Руханият • 01 Қаңтар, 2020

Әлеуметтің ариясы

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әлеуметтің ариясы

Көргеміз жоқ ескі жылда біз тапшылық,
Әйтсе де күннен күнге қымбатшылық.

Алды-артына қарамай,
Баға қайда барады-ай.
Жалақымыз бір көйлек,
Қалды алуға жарамай.
А-ха-хау, жалған-ай,
Мол табыс арман-ай!

«Жалақымыз өсті» деп алақайлап
Жүр едік, нарық кетті талапайлап.

Жаратпаған мұңсыз ғып…
Бұл не деген құнсыздық.
Нарығыңда парық жоқ,
Үкіметте – үнсіздік.
А-ха-хау, жалған-ай,
Жаңа жыл-ай, Жаңа жыл,
Баспана арман-ай!

 

Үміт ЗҰЛХАРОВА

АЛМАТЫ