Теннис • 03 Қаңтар, 2020

Зарина Дияс Гонконгтағы турнирдің келесі айналымына өтті

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконгтағы ITF W25 турнирінің екінші айналымында қытайлық теннисшіні жеңді.

Зарина Дияс Гонконгтағы турнирдің келесі айналымына өтті
Зарина Дияс қытайлық спортшы Вушуанг Чженгті 6:2, 6:0 есебімен жеңіп, турнирдің үшінші айналымына шықты.
Келесі айналымда грузиялық теннисші Екатерина Горгодземен бүгін – 3 қаңтарда ойнайды.
Қазақстандық спортшы Гонконгтың ITF W25 турниріндегі алғашқы қарсыласы украиналық Дарья Лопатецкаяны 1 қаңтар күні турнирдің бастапқы айналымында 6:1, 6:2 есебімен жеңген болатын.