Штаб жанында «Astana Volunteers» волонтерлер мектебі құрылған. Мектеп аясында жастар әлеуметтік, спорттық, EVENT және ECO волонтерлік бағыттар бойынша оқытылады. Сонымен қатар төтенше жағдайлар бойынша да волонтерлер дауындау көзделген. Оқуға ниет білдірген жастардың ағымдағы жылдың ақпан айында курсқа жазылуына мүмкіндігі бар. Волонтерлер жылына орай елордада жастарды қолдауға, волонтерлікті дамытуға бағытталған көптеген шаралар ұйымдастырылуда.
Соның бірі – «Бірге-Таза Қазақстан» акциясы аясында өтетін «VOLUNTEERS CAMP» волонтерлеріне арналған жылжымалы эко-лагерь жобасы. Аталмыш шара аясында 500-ден астам жас киім-кешекпен, тамақпен, көлік қызметімен қамтамасыз етіледі деп жоспарланған.
Сондай-ақ «Қауіпсіз қала» ұлттық жобасы аясында бірқатар іс-шаралар өтеді. Одан бөлек, Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі жандарды волонтерлік қызметке қосуды көздейтін инклюзивті волонтерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Естеріңізге салсақ, осы жылы мемлекет басшысы волонтерлік қозғалысқа белсенді қатысқан студенттердің шәкіртақысын 30 пайызға көтеруді тапсырған болатын. Волонтерлер жылы «Birgemiz», «Мы - вместе» ұранымен өтеді.