Депутаттар облыс әкімі Жеңіс Қасымбекпен кездесіп, өңірдің өзекті деген мәселелерін талқылады.
– Қарағандыда біз ардагерлермен, саяжай қоғамдастықтарының өкілдерімен кездестік. Полиция департаментінде кездесу өткіздік, – деді Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров.
Сонымен қатар, халық қалаулысы ҚР Қылмыстық кодексіндегі өзгерістер туралы хабарлады. Мәселен, мал ұрлығы үшін жазалауды жеке бап бойынша белгілеу жоспарланып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, мас күйінде көлік жүргізгені үшін жазаны қатаңдату туралы айтылды. Енді мұндай құқықбұзушылық үшін жүргізушілер бас бостандығынан да айырылуы мүмкін.
Мәжіліс депутаттары облыста тағы бірнеше күн болады. Олар мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың жұмысшыларымен кездесіп, заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіріп, облыс тұрғындарының сұрақтарына жауап береді.