Руханият • 08 Қаңтар, 2020

Алматы облысында ресми тіркелген 29 діни миссионер бар

605 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы дін істері басқармасының дерегінше аймақта миссионерлік қызмет айналысу үшін 29 заңды тұлғаға рұқсат берілген. Олардың жұмысы еліміздің «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы негізінде қадағаланып отыр екен. Ал  шетел азаматтарының миссионерлік қызметі басқарма тарапынан қатаң бақылауға алынған. 

Алматы облысында ресми тіркелген 29 діни миссионер бар

Дерекке сүйенсек ресми тіркелген 29 миссионердің ішінде 19 заңды тұлға католик дінін, 4 нысан протестанттық бағытты, 3 діни бірлестік ислам дінін уағыздаса, тағы 3 діни қауымдастық дәстүрлі емес діни нанымды ұстанушы, яғни, Кришна жолындағылар екен.

Сондай-ақ, Жетісудағы дін тарату ісі жолында 9 мемлекеттен келген шетелдік өкіл тер төгіп жүр. Олардың арасында Оңтүстік Кореядан келген 6 пірәдар, польшалық 6 миссионер, испаниялық 5 діндар, италиялық 2 әулие, түркиялық 2 молла, ресейлік 2 поп және Мысырдан - 1, Америкадан – 1 дін таратушы бар. Тағы 3 қазақстандық та осы діни ағартушылық миссия бағытында қызмет көрсетіп келеді.

 

 

Алматы облысы