Спорт • 08 Қаңтар, 2020

Кәсіпқой бокс: Батыр Жүкембаевтың қарсыласы анықталды

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жартылай орта салмақта күш сынасып жүрген қазақтың кәсіпқой боксшысы Батыр Жүкембаев өзінің келесі жекпе-жегін 25 қаңтарда Канаданың Монреаль қаласында өткізетіні белгілі.

Кәсіпқой бокс: Батыр Жүкембаевтың қарсыласы анықталды

Күні кеше ғана қандасымыздың қарсыласы анықталды. WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental нұсқалары бойынша алтын белбеуін қорғап қалу үшін ол аргентиналық Максимилиано Рикардо Веронамен жұдырықтасады.

31 жастағы Оңтүстік Американың оғланы осы күнге дейін 16 кездесу өткізіп, 12 рет жеңіске жетті. Төрт бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. Үш мәрте ұтылып, тағы бір тартыста тең есеп тіркелді. Рикардо Верона өз кездесулердің барлығын Аргентинада өткізген екен. 

Ал 28 жастағы Батыр Жүкембаев үш жарым жыл аралығында 17 рет шаршы алаңға шығып, барлығында басымдық танытты. 13 қарсыласын нокаутқа жіберді. Соңғы рет ол 26 қыркүйекте мексикалық Мигель Васкесті ұпай санымен ұтты.