Спорт • 08 Қаңтар, 2020

Ең құнды футболшылардың тізімі жарияланды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі CIES Football Observatory зерттеу орталығы өзінің ресми сайтында қазіргі таңдағы ең құнды футболшылардың тізімін жариялады.

Ең құнды футболшылардың тізімі жарияланды

Әлемдегі ең құнды ойыншылардың көшін әлем чемпионы Килиан Мбаппе бастап тұр. Жуырда ғана, яғни 20 желтоқсанда 21 жасқа толған Франция құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының жас перісі бұл күндері 265,2 миллион евроға бағалануда.

Екінші орында – Рақым Стерлинг. «Манчестер Ситидің» сапында өнер көрсететін 25 жастағы ағылшын жартылай қорғаушысының құны 223,7 миллион евроны құрап отыр.

Үздік үштікті Мұхаммед Салах қорытындылап тұр. Бүгінгі таңда «Ливерпульдің» бас жұлдызына айналып отырған 27 жастағы мысырлық сұрмергенің құны –175,1 миллиона евро.

Сонымен қатар, жоғарыдағы тізім бойынша «ТОП-10» ойыншының қатарына енгендердің құны мынадай: Джейдон Санчо («Боруссия» Дортмунд, Англия) – 168,9; Садио Мане («Ливерпуль», Сенегал) – 155,6; Гарри Кейн («Тоттенхэм», Англия) – 150,5; Маркус Рашфорд («Манчестер Юнайтед», Англия) – 134,3; Лионель Месси («Барселона», Аргентина) – 125,5; Антуан Гризманн («Барселона», Франция) – 123,6 және Лаутаро Мартинес («Интер», Аргентина) – 115,7 миллион евро.