Әлем • 08 Қаңтар, 2020

Володимир Зеленський ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украина Президенті Володимир Зеленський Ирандағы ұшақ апатына байланысты қаза тапқан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің жақындарына көңіл айтты. 

Володимир Зеленський ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

«Таяу Шығыстан суыт хабар. Бүгін таңертең Имам Хомейни халықаралық әуежайынан ұшқан Украина халықаралық әуе жолдары авиакомпаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, әуежайға жақын жерде құлады. Алдын ала мәлімет бойынша ұшақ бортындағы барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері қаза тапты. Біздің елшілік қайғылы жағдай туралы ақпаратты және қаза болғандардың тізімін нақтылап жатыр. Барлық жолаушылар мен экипаж мүшелерінің туған-туысқандары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын» деп жазды Украина Президенті

Соңғы мәліметке сәйкес, ұшақ бортында барлығы 176 адам болған, 167 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі. 

Осыған дейін бортында 180 жолаушы мен экипаж мүшесі бар Boeing 737 ұшағы таңертең Тегеранда Имам Хомейни атындағы әуежайынан ұшқаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшырағанын хабарлаған едік.

Сыртқы істер министрлігі ұшақта Қазақстан азаматтары болмағанын хабарлады