Спорт • 08 Қаңтар, 2020

Ертең жасөспірімдердің III қысқы Олимпиадасы басталады

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Швейцарияның Лозанна қаласында жасөспірімдердің III қысқы Олимпия ойындары басталады.

Ертең жасөспірімдердің III қысқы Олимпиадасы басталады

22 қаңтарға дейін созылатын айтулы жарыста 70 мемлекеттен келген 1880 үміткер өнер көрсетеді. Олар альпинизм, биатлон, бобслей, керлинг,  коньки, мәнерлеп сырғанау, скелетон, сноуборд, тау шаңғысы, фристайл, шайбалы хоккей, шанамен сырғанау, шаңғы, шаңғы қоссайысы, шаңғымен тұғырдан секіру және шорт-трек секілді спорт түрлері бойынша сайысқа түседі. Бақ сынаушылар қатарында Қазақстанның 26 жас өрені бар.

Өткенге зер салсақ, жасөспірімдердің қысқы Олимпиясының алауы тұңғыш рет 2012 жылы Австрияның Инсбрук қаласында тұтанған еді. Сол жарыстың жалпы командалық есебінде Германия құрамасы алдына жан салмады. Немістер 8 алтын, 7 күміс және 2 қола медальді жеңіп алды.

Келесі дода 2016 жылы Норвегияның Лиллехаммерінде ұйымдастырылды. Скандинавия түбегінде АҚШ-тың асыға алшысынан түсті. Америкалықтар 10 алтын және 6 күміс жүлдені олжалады.