Қазіргі уақытта Иранның әуе кеңістігі арқылы екі қазақстандық әуе тасымалдаушы Air Astana және SCAT тұрақты рейстерді орындайды.
Air Astana әуе компаниясы Иран әуе кеңістігі арқылы Нұр-Сұлтан – Дубай (аптасына 5 рет) және Алматы – Дубай (аптасына 10 рет) бағыттары бойынша ұшуларды орындайды.
SCAT әуе компаниясы Иран әуе кеңістігі арқылы Алматыдан Медина мен Жиддəға (аптасына бір рет) екі тұрақты рейсті және Алматы - Шарм Эль-Шейх және Шымкент – Шарм Эль-Шейх бағыттары бойынша екі тұрақты емес рейсті орындайды.
Сонымен қатар, БАӘ әуе компаниялары Fly Dubai – (Дубай – Нұр-Cұлтан - аптасына 5 рейс, Дубай – Алматы - аптасына 7 рейс), Etihad (Абу-Даби – Нұр-Сұлтан - аптасына 2 рейс) Air Arabia (Шарджа – Алматы- аптасына 5 рейс) Иранның әуе кеңістігі арқылы Қазақстанға тұрақты ұшуларды (барлығы аптасына 19 рейс) орындайды. Mahan Air ирандық әуе компаниясы Тегеран – Алматы бағыты бойынша тұрақты түрде ұшады.