Спорт • 08 Қаңтар, 2020

Теннис: Зарина Диас ширек финалға шықты

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан бірер күн бұрын ғана Гонконгтағы ITF санатындағы турнирде топ жарып, барша қазақстандық жанкүйерлерді қуантқан Зарина Диас жүлде қоры 750 мың АҚШ долларын құрайтын Шэньчжэньдегі жарысты да сәтті бастады.

Теннис: Зарина Диас ширек финалға шықты

Тұсаукесер кездесуде қытайлық Дуан Ин Иннен 6:3, 6:4 есебімен айласын асырған жерлесіміз келесі кезеңде ресейлік Анна Блинковамен шеберлік байқасты. 2 сағат 45 минутқа созылған бұл бәсеке Заринаның пайдасына шешілді. Есеп – 6:1, 6:7, 6:4.      

Енді ширек финалда Зарина Диас испаниялық Гарбинья Мугурусамен күш сынасады. Бірден айта кетейік, бұл кездесудің фавориті – Пиреней түбегінің өкілі. Себебі, WTA рейтингінде Мугуруса отандасымыздан бақандай 30 саты жоғары тұр. Осыдан екі жыл бұрын ол әлемнің бірінші ракеткасы атанғанын да көрермендер ұмыта қойған жоқ. Сонымен қатар, Испания теннисшісі кезінде Ролан Гаррос пен Уимблдон турнирлерінде жеңімпаз атанған еді.