«Бүгін кешкі сағат 17:00-дер шамасында ауруханада 1939 жылғы, яғни 81 жастағы қарт кісі көз жұмды», - деп мәлімдеді Қарасай ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, қал-жағдайларын білді. Қаза болған отбасына барып көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты.
Осыған дейін Алматы облысында көпқабатты үйде жарылыс болып, бір адам қаза болғанын хабарлаған едік.