Руханият • 09 Қаңтар, 2020

Бүркітбай Аяған: Абайды әлемге таныту үшін аударма ісіне мән беру керек

785 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Ғелманұлы Аяған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына қатысты пікір білдірді.

Бүркітбай Аяған: Абайды әлемге таныту үшін аударма ісіне мән беру керек

Мемлекет басшысы хакім Абайды бүгінгі күнмен, қазіргі қазақтармен қабыстыра, оның әрбір ойын үлгі етіпті. Әуелі ұлттық болмыстың үлгісі деп ұлттық мұраларымызды бүгінгі оң үрдістермен үйлестіре дамытуды көздейтін құбылыс деп қарайды.

«Бұл ретте біз Абайды айналып өте алмаймыз. Себебі ұлы ойшыл осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырған. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтты. Ол «Біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз» деп тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру керегіне назар аударды. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет. Ол үшін тіл үйренуге тиіспіз. Ақын ел-жұртын түрлі өнерді игеруге үгіттеді. Соның бәрі уақыттың талабы екенін ол анық аңғарып, ұлтына ертерек үн қатты. Тіпті қазір айтып жүрген интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алды деуге болады. Ұлы ойшыл әр сөзімен ұлттың өресін өсіруді көздеді» деді профессор.

«Сонымен қатар Әділеттілік біркелкі емес және әділеттілік деген бұрыңғы большевизмге, совет заманына қайту емес. Әділеттілік үш байлық, халыққа әділетті болу, көп балалы аналарға көмек көрсету, жағдайы ауыр азаматтарға мемлекеттік көмек көрсету, міне осыны Абай насихаттаған» деді Бүркітбай Аяған.

«Абайды біз қалай дәріптесек те жарасады. Біз Абайды айтқан сөзін іске асыруымыз керек, соған ұмтылуымыз керек. Дәл осы мәселеге Президент назар аударуға шақырады. Абайды әлемге таныту, насихаттау үшін аударма ісіне де мән беру керек. Одан бөлек Абай орталықтарын құру, оның арасында Семей қаласын тарихи орталық ретінде белгілеп, 1918 жылы Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытов негізін қалаған «Абай» журналын қайтадан жандандыру мәселесін қолға алу керек» деп түйіндеді ол.