Депутат негізгі өндіріс корпусындағы дәнекерлеу және бояу цехының, сондай-ақ кірме теміржол құрылысының барысымен танысты.
Кәсіпорын басшылығы корпустар құрылысын жалғастыру және технологиялық жабдықтарды сатып алу үшін қаржы тарту жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы депутатты хабардар етті. Автомобиль нарығын дамыту, ел тұрғындарына жеңіл автомобильдерге қол жеткізу мүмкіндігін арттыру, автомобиль паркін жаңартуды ынталандыру, елді мекендердегі экологиялық жағдайды жақсарту мәселелері талқыланды. Халық арасында автокөлікті жеңілдікпен несиелеу жоғары сұранысқа ие екені және оны жалғастыру мен кеңейту қажеттігі атап өтілді.
«Дәнекерлеу және бояу цехын іске қосу 2021 жылы жоспарланып отыр. Бүгінгі күні шамамен 80 млн. жеке қаражат инвестицияланды» деді «Азия Авто» АҚ президенті Ержан Мәндиев. Зауыттың бірінші кезегінің қуаты жылына 60 мың автомобильді құрайды. Автомобиль өндірісінің деңгейі 50 пайызға жететін болады.
Өскемен қаласындағы «Азия Авто-Қазақстан» кәсіпорнында толық циклді автомобиль өндірісінің құрылыс жобасы жүзеге асатын болады, ол «Бипэк Авто Қазақстан» серіктестігі және «АвтоВАЗ» қоғамдық акционерлік қоғамының бірлескен кәсіпорны болып табылады. Зауыт 2013 жылдың қараша айынан бастап салынып келеді. Дәнекерлеу, бояу және автомобильдерді жинау жөніндегі өндіріс қуатын салуға келген инвестициялардың жалпы көлемі 380 млн. долларды құрайды. Өндіріс кешені өнімдерін өткізудің келешектегі негізгі нарықтары Қазақстан, Ресейдің Сібір және Орал өңірлері, Орталық Азия елдері болады.