Парламент • 10 Қаңтар, 2020

Сенаторлардың аймақтардағы жұмыс сапары жалғасуда

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаторлар Нариман Төреғалиев пен Ерболат Мұқаев өңірлерге жұмыс сапары аясында Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенаторлардың аймақтардағы жұмыс сапары жалғасуда

Денсаулық сақтауды дамыту мен оған қол жеткізу мүмкіндіктерін жақсарту бағдарламасы және міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыру аясында депутаттар 8 ауылдық округтің жұмысымен танысты. Парламентшілер осы округтердегі аудандық емханалар міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қосылуға дайын екенін атап өтті.

Депутаттар «Нұр Отан» партиясы ғимаратында азаматтарға жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекті төлеудегі өзгерістерді түсіндірді.

Парламентшілер ветеринария саласындағы заңнаманың бұзылуынан туындайтын мәселелер бойынша бірқатар кездесу өткізді, оған аудан басшылары мен ауыл шаруашылығының мамандары қатысты. Мал ұрлығының мәселелері талқыланды, ауданнан әкелінген малды тексеру үшін күре жолдарға жол полициясының бекеттерін қайтару, округтердегі учаскелік полиция штатын ұлғайту бойынша ұсыныстар енгізілді.

Н.Төреғалиев пен Е.Мұқаев дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысымен, орталық кітапхана мен жастарға арналған қазіргі заманғы «Самғау»  коворкинг-орталығының қызметімен танысты.