Кәсіпқой бокс • 11 Қаңтар, 2020

Кәсіпқой бокс: Бақтияр Эюбов нокаутпен ұтылды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Атлантик Сити қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жартылай орта салмақтағы қазақстандық Бақтияр Эюбов өзінің 17 жекпе-жегін өткізді.

Кәсіпқой бокс: Бақтияр Эюбов нокаутпен ұтылды

Осыған дейін 14 рет (12 нокаут) ұтып, бір рет ұтылып, тағы бір рет тең түскен жерлесіміз бұл жолы америкалық Джарон Энниспен күш сынасты. Ол өте мықты боксшы. АҚШ-тың өкілі бұл күнге дейін 24 рет шаршы алаңға көтеріліп, барлық қарсыласынан басым түскен еді. 22 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. 

Бұл бәсекеде Джарон Эннистің басымдығы бірден байқалды. Бірінші раундта-ақ ол қарсыласын екі рет есеңгіретті. Бақтияр намысқа тырысқанымен, америкалық оны ауыр соққылардың астына алды. Төртінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.