Аймақтар • 11 Қаңтар, 2020

Семейдегі Мәдениет сарайына Бибігүл Төлегенова есімі беріледі

1248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл ұсынысты Семей қаласының әкімдігіне «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қоры айтқан болатын.

Семейдегі Мәдениет сарайына Бибігүл Төлегенова есімі беріледі

Былтырғы желтоқсан айында КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенова 90 жасқа толған еді. Сол кезде «Қазақтың бұлбұлы» атанған өнер иесінің мерейлі мерейтойына орай әншінің туған жері – Семей қаласындағы Мәдениет сарайына дара тұлғаның есімі берілетіні туралы айтылған еді. Бұл жаңалықты Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында Б.Төлегенованың 90 жылдығына орай өткен шығармашылық кеште Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов жеткізген-ді.

сарай

«Бибігүл Төлегенова қандай құрметке де лайық қой. Бұл ұсынысты Семей қаласының әкімдігіне «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қоры айтқан болатын. Былтыр Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Семейге жұмыс сапарымен келіп, зиялы қауым өкілдерімен кездескенде осы бастаманы көтергенбіз. Ол кісі бізді қолдаған еді. Қор басшылығы өнерпаздың Алматыда өткен шығармашылық кешіне де қатысып, құрмет-қошемет көрсетіп қайтты. Бибігүл Төлегенова апамыз Абыралыға бөтен емес. Ата-бабалары сол топырақтың тумалары» дейді белгілі меценат, «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорының президенті, облыстық мәслихаттың депутаты Марат Құрманбай.

СЕМЕЙ