
Бір жағынан жаһандану, бір жағынан жаппай «хайпылану» (хайпократия) қысқан алас-күлес шақта ұлттың ар тазалығы, аршылдығы, яғни ұлттың жан саулығы, ізгілік шарты деген мағынадағы қоғамдық идея керек болып тұр. Шәкәрімше айтқанда, бүткіл ұлттың өзегін сауықтыратын Ар ілімі қажет. Ағылшыншалап немесе орысшаласақ, «moral health», «нравственное здоровье нации». Қазақтың ежелгі ұғымы да ар саулығына өзгеше мән бергенін «Ар ма» деп амандасу этикетінен байқаймыз. Мысалы, ортағасырлық ұлы эпосымыз «Қобыланды» жырын оқылық. Қобыланды кеткен әскерді қуып жетем деп ұшыртып келеді:
«Қол соңында барады,
Қара Боқан жаурыншы.
Боқанға келді: – Ар ма! – деп, Алдыңда кісі бар ма? – деп».
Төлегенді өлтіріп, Қыз Жібекті алмақ оймен келген Бекежан тиісіп, ұрына сөйлегенмен, амандасуды «ар мадан» бастайды:
«Айтайын айт дегенде, ар ма, Жібек,
Түйедей ботасы өлген зарла, Жібек.
Кеткелі жаман жарың көп жыл болды,
Хабары сол жездемнің бар ма, Жібек?»
Тәрізі, «ар ма» ертеректе қазаққа ерекше етене сөз болғанға ұқсайды. Кезінде ақсақал ақын Қуандық Шаңғытбаев осы «ар маны» жалпыға үйреншікті амандасу сөзі ретінде сіңірмек болып, көп насихаттапты. Тарихи лингвистика зерттеушілері «ар ма» сөзінің түбінде «арыма», яғни арыңды жоғалтып, кірлетіп, қажыма деген тілек жатқанын айтады. Ұлттың аршылдығын оятып, жан саушылығын сақайту мақсатындағы ұзақ жол бүгінгі бізге таныс-бейтаныс «Ар маны» Қазақ еліне қайта оралтудан басталып кетсе несі бар!
Дәстүрлі ұғымда арлы адам деген ізгі адам, әділетті, мейірімді, намысты адам. Осы тұрғыда ойластырсақ, әуелі ұлттық ұғымдағы Ар принциптерін бір бағытта жинақтап, саралап алу керек. Бұл жапонның «Бушидосы» сияқты кодекс бола ма, қысқа ғана, баршаға түсінікті философемалар топтамасы бола ма, әйтеуір мақал-мәтелден бастап, ғылыми пайымдарға шейін бір ізге түсіріліп, бір айқын бағдар түзілсе игі болар еді. Мысалы, байырғы қазақтың рухани идеалын айқындайтын ең ұлы мақал: «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы». Ал қазақтың көне жырауы: «Қанша сұлу болса да, арсыздан қатын алмаңыз» деп өсиет айтады.
Ұлы Абай үшін ең жиіркенішті кісі – «сабырсыз, арсыз, еріншек». Тағы айтады: «пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге» дейді. Өзіміз «ар-ұяты жоқ» деп қосарлап айта береміз. Қарап отырсақ, қазақ түсінігіндегі АР – ұяттың баламасы емесі байқалады, ұят ардың бір ғана қыры сияқты. Ойлайсың, бүкіл мақал-мәтелі, тыйым-табуы, өлең-жыры, эпосы арға тұнып тұрған біздің жұрт керемет арлы, ерекше намысшыл, ұятты ел болуы керек қой деп.
Бірақ өкінішке қарай, қазір көп ретте біздің моральдық келбетіміз Абайдың басқа бір өлеңінде айтылатын мына мінездерге қаттырақ ұқсайтындай:
Сенен аяр түгі жоқ,
Бүгін сыйлас көрініп,
Бүгін жалын, ертең шоқ,
Сөзі мен өзі бөлініп.
Әлі үміт, әлі серт,
Жын сықылды бұзылып.
Қулық емес, бұл – бір дерт,
Тұрлауы жоқ құбылып.
Абай екі жүзділікті, сөзі мен ісі екі бөлінген аярлықты мінез емес, дерт деп таниды екен! Қазір осы дерт жеке адамның ғана дерті емес, әлеуметтік дертке айналып бара жатқандай көрінеді. Сол дерттің сыртқы симптомы – хайпылану, хайпшылдық. Ұят, ұят деп даурыққыш адам көлігін балалар ойнайтын алаңға қойып, былш түкіріп бара жатса – ол да сол дерттің белгісі. Әділет талап еткіш азаматымыз артық түсер бес-он тиын үшін жұбайымен жалған ажырасып, атаулы көмек алып жүрсе – ол да жаңағы дерттің сыртқа шыққан белгісі. Жұртқа тазалық, адалдық туралы ақыл айтқыш шенеунік қазынадан ұрлап, байып жатса, ол енді арсыздық дертінің асқынған түрі. Ойлайсың, содан соң Абайша күңіреніп: «Енді не қылдық? Не болдық?» дейсің.
Шынымен не істейміз? Қарап отырамыз ба, әлде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынып отырған Абай жолына, Абай бағдарына бұрыламыз ба?
Мемлекет басшысы жуырда ғана жария көрген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты еңбегінде Абайдың «толық адам» қағидатын зерделеудің маңызын ескерте келіп: «Толық адам» концепциясы, шындап келгенде, өміріміздің кез келген саласының, мемлекетті басқару мен білім жүйесінің, бизнес пен отбасы институттарының негізгі тұғырына айналуы керек деп есептеймін», – деп қазақтың саяси ой жүйесінде бұрын-соңды байқалмаған соны байлам жасады.
Сондықтан ұлттық Ар концепциясын терең зерттеп, соның принциптерін әлемдік ғылым мен білімге ұштастырып, соны бүгінгі қоғамның басты тұғырына айналдырудан басқа жол жоқ.
Айтпасқа болмайтын тағы бір сөз – Абайды терең танып-білу маусымдық дабыраға, жылдың соңында өшіп қалатын жаппай «абайшылдық», «абайтанушылдық» әсіре сәнге айналып кетпесе игі. Президент те осыдан қауіп көріп, атап ескертеді. Абайдың өзі жек көретін надандықтың бір белгісі – даңғойлық, көрсеқызарлық, дабырашылдық екенін ұмытпайық. Ал надандық ар саушылығын жоқ қылмай тоқтамайтын жегі құрт. Абай бүгінгі қазақ, мына біз үшін тілде емес, жүректе, көзде емес, көңілде болса, санамыздың өзегі болса ғана, біз ХХІ ғасырдың қиын сындарына төтеп беретін ұлтқа айналамыз.
Асқар Умаров,
журналист, «ҚазАқпарат» ХАА басшысы
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қазақстан • Бүгін, 22:45
Өнер • Бүгін, 22:05
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Бүгін, 21:27
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Бүгін, 21:16
Нигерияда бандалар ұрлаған 300-ден астам мектеп оқушысы босатылды
Әлем • Бүгін, 20:40
Ақмола облысы: Экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жол картасына өзгеріс енгізіледі
Аймақтар • Бүгін, 19:50
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Бүгін, 19:20
Бельгияда коронавирустың «үшінші» толқыны туралы айта бастады
Әлем • Бүгін, 18:50
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Бүгін, 18:00
Ақмолада сотталғандар кездесудің орнына екі сағаттық бейнебайланысқа шығады
Аймақтар • Бүгін, 17:14
«Канело» мен Йылдырым титулдық жекпе-жек үшін қанша гонорар алды?
Спорт • Бүгін, 16:27
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Бүгін, 16:00
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 15:07
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Бүгін, 14:34
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Бүгін, 14:02
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Этномәдени бірлестік өкілдері Сәбит Мұқанов саябағына ағаш отырғызды
Аймақтар • Бүгін, 13:17
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Бүгін, 12:40
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Бүгін, 12:25
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Бүгін, 11:21
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Бүгін, 10:44
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Бүгін, 10:41
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Бүгін, 09:58
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:26
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар