Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған міндеттерді іске асыруда, әсіресе, білім саласында жүргізілген реформалар бойынша қалыптасқан біртұтас ұстаным болуға тиіс. Жаһандану жағдайында білім беру саласына жаңа технологиялардың еңгізілуін талдау арқылы түйінді мәселелердің шешімін табуға қарымды қадамдар жасалатынына сенім мол.
Өздеріңізге белгілі, бүгінгі таңда Қазақстан қоғамды жетілдіруге және экономикалық қажеттіліктеріне сәйкес қазіргі заманғы білім жүйесін құруды қажет етеді. Өз кезегінде депутаттық корпус отандық білім беру сапасын арттыру жөніндегі мемлекеттік шараларды құқықтық қамтамасыз етуге, салиқалы және сапалы заңнамалық жұмысты жүргізуге бағыт алды. Осы тұрғыдан келгенде 2007 жылдың маусымында Парламент Сенаты тарапынан “Білім туралы” жаңа Заңның қабылдануы да сондықтан.
Соңғы кезде экономикадағы айтарлықтай өзгерістерге сай білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды заңнамалық реттеу, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін халықаралық білім беру кеңістігімен интеграциялау және бәсекеге қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыру әрі қарай жетілдіруді талап етеді. Орын алған жағдайды саралау барысы инженер-педагог кадрларының; қызмет көрсету мен техникалық кадрларды даярлауда жұмыс берушілердің қатысуын ынталандыру, тетіктердің жетіспеушілігін, әсіресе, ауылдық аймақтардағы арнайы мектептер желісінің дамытылмауын; жергілікті және республикалық бюджеттерден қамтылатын орта кәсіби білім беру жүйесі арқылы кадрлар дайындау үшін мемлекеттік тапсырыс орналастыру мен қаржыландырудың көлемі, соның ішінде бастапқы және орта кәсіби білім беру жүйесінде қаржыландырудың жеткілікті болмауы техникалық және кәсіби білім беру жүйесін дамыту факторына кері әсер етуде екенін көрсетті.
2005 жылы жария етілген Өскемен, Шымкент, Павлодар және Атыраудағы экономиканың жекелеген салаларына қызмет көрсету мен техникалық кадрларды қайта даярлау және дайындау орталықтары әлі күнге жұмыс істемеуде. Осы профильдегі оқыту мекемелерінде технологиялар бойынша жаңа өндірістерді құрудағы заманауи оқыту үдерістеріне салынған қазіргі заманғы материалдық-техникалық база жоқ (қазіргі заманғы оқыту-өндірістік лабораториялар мен шеберханалардан, оқыту кабинеттерінен тұрады). Біздің пайымдауымызша, осы саладағы менеджменттің төмендігі мен қызмет көрсету сапасын бақылау жүйесінің жетілдірілмегенін бөлек мәселе етіп көтеру керек. Қалыптасқан жағдайда, біздің пайымдауымызша, жақын болашақта әр түрлі халық шаруашылық саласындағы мамандарға қажеттілік жөнінде тұрғындарды ақпараттандыру және өңірлік, сондай-ақ республикалық деңгейлерде экономикадағы мамандардың қажеттігі ауанын анықтау тәсілін жетілдіру мен орта буын мамандарды, экономика қажетсініп отырған жоғары кәсіби жұмысшы кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерін шешудің қырларын қарастыруымыз қажет. Жоғарыда аталған проблемаларды тиісті деңгейде шешу жаңа технологиялар жөніндегі жаңа өндірістерге мамандарды даярлауды бастауға, экономиканы білім берумен байланыстыруға мүмкіндік туғызады.
Мемлекет басшысы инфрақұрылымдар мен энергетика, фармацевтика мен химия, металлургия, сервистік қызмет пен мұнай өңдеу, құрылыс индустриясы, агроөнеркәсіптік кешенді жеделдетіп дамыту Қазақстанның 2010 жылдан басталған үдемелі инновациялық дамуының басым бағыттарының жоспары болып табылатынын ерекше атап көрсетті. Осыған сәйкес колледждерде және кәсіби мектептерде еңбекке қызмет көрсету мен техникалық кадрларды дайындау құрылыс материалдары мен металлургия, көлік-логистикалық қызмет көрсету, тамақ пен тоқыма өндірісі, агроөнеркәсіптік кешен, мәшине жасау, мұнай-газ секторын дамытуға бағытталған болуы тиіс.
Қорыта айтқанда, өңірлерде тиісті мамандықтар мен мамандарға мемлекеттік білім беру тапсырыстары қарастырылғаны жөн. Мақсатты трансферттер мен жергілікті бюджеттер есебінен ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету бағыты және құрылыс саласы үшін базалық кәсіби мектептер ашу қажет.
Ақан БИЖАНОВ, Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы.