2018/2019 жылғы футбол маусымының қорытындысы бойынша олжаға молынан кеңелген командалар көшін Испанияның «Барселонасы» бастап тұр. Сол аралықта каталониялық клубтың бюджеті 840,8 миллион евромен толықты. Бұл – рекордтық көрсеткіш!
Испанияның тағы бір гранды – Мадридтің «Реалы» екінші орынды иеленуде. Корольдік клубтың табысы 757,3 миллионды құрады.
Үздік үштікті «Манчестер Юнайтед» қорытындылап тұр. Англия Премьер-лигасында өнер көрсететін айтулы ұжым 711,5 миллион көлемінде табыс тапқан.
Сондай-ақ табысы ең көп «ТОП-10» команданың қатарында мыналар енді: «Бавария» (Германия) – 660,1; ПСЖ (Франция) – 635,9; «Манчестер Сити» (Англия) – 610,6; «Ливерпуль» (Англия) – 604,7; «Тоттенхэм» (Англия) – 521,1; «Челси» (Англия) – 513,1 және «Ювентус» (Италия) – 459,7 миллион евро.