Ауыр атлетика • 14 Қаңтар, 2020

Ауыр атлетика: Әлемдік рейтингтегі жағдайымыз тым нашар

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі кезде Қазақстанның ауыр атлеттерінің жағдайы өте мүшкіл. Олай деуге негіз, күні кеше ғана жарияланған олимпиадалық рейтингтің үзіктері қатарында бірде-бір жерлесіміз ене алмай отыр.

Ауыр атлетика: Әлемдік рейтингтегі жағдайымыз тым нашар

Әйелдер арасында ең тәуір көрсеткіш 55 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Зүлфия Чиншанлоға тиесілі. Әлемнің үш дүркін чемпионы, Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері деген дардай атағы бар отандасымыз мықтылар тізімінде 26 орында тұр.

Ерлер арасында ең жақсы нәтижеге Нижат Рагимов қол жеткізіп отыр. Рио Олимпиадасының жеңімпазы, әлем чемпионы 81 кило салмақта күш сынасып жүрген зілтеміршілер арасында небары 61 орынды қанағат тұтуда.

Ал қалған жігіттеріміздің жағдайы одан да нашар. Мәселен, Денис Уланов – 120, Ибрагим Берсанов – 145 және Илья Ильин – 201 сатыға табан тіреді. Иә, осылай тізбектей берсек, қазақстандық жанкүйерлердің көңілі құлази түсетіні анық. 

Десек те, алда бізді тағы екі бірдей лицензиялық жарыс күтіп тұр. Олар – ақпанда Ташкентте тұсауы кесілетін халықаралық турнир және сәуірде Нұр-Сұлтанда жалауы желбірейтін Азия чемпионаты. Осы дүбірлі додаларда жағдайымызды түзеуге тамаша мүмкіндік туындайды.