24 наурызда Мәскеуде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев пен Ресей Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов басқаратын екі елдің жұмыс топтарының арасында келіссөздер өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Тараптар Кеден одағы қызметі жағдайындағы екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастарды, оның ішінде болашақта Кеден одағына мүше елдер рыногына шығару үшін Қазақстанда жеңіл автомобильдерді құрастыру өндірісін дамыту мәселелерін талқылады.
Алғашқы сатыда Қазақстанда УАЗ автомобильдерін құрастыру өндірісін ұйымдастыру ойластырылуда. Сонымен бірге, перспективалы шетелдік автомобильдер маркаларын қоса алғанда, неғұрлым кең модельді желі өндірісін іске қосу арқылы, зауыттың өндірістік қуатын жылына 50 автомобиль шығаруға дейін жеткізе отырып, жоба ауқымын ұлғайту мәселелері де қарастырылуда.
Қазақстанда шығарылатын автомобильдер үшін Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Армения және басқа да көрші елдер болашағы зор өткізу рыногы ретінде қарастырылуда.