Шараға Төтенше жағдайлар, Мемлекеттік кірістер, Полиция, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттері, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы, Қалалық орта сапасы және бақылау, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармалары, Миграциялық полиция, Кәсіпкерлер палатасы, Жұмыспен қамту орталығы, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлері қатысты.
Аталған шарада кәсіпкерлер салық төлеу, тіл мен жарнама туралы заңнама, мемлекеттік қолдау шаралары, әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы жинақтау, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық ережелерді сақтау және басқа да сұрақтар бойынша кеңес алды.