«Ол аталған колледжге оқытушы қызметіне жұмысқа тұрғызу үшін «Қызылорда облысы білім асқармасы» ММ-нің лауазымды тұлғаларына 400 мың теңге көлемінде пара беруге азаматты итермелегені үшін күдікке ілінді. Кінәні мойындауға және күдікті мен оның қорғаушысының келу міндеттемесін беруге байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ» делінген хабарламада.
Күдіктінің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.