«Кадрлық резервке өту дегеніміз жоғары лауазымды қызметке орналасу ғана емес. Бұл – ұлт үшін, Ел үшін, халық үшін аянбай тер төгу деген сөз. Сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осыған дейін Мемлекет басшысы Президенттік жастар кадр резервіне өткен азаматтармен кездесу ұйымдастырғаны айтылған еді.
Жобаның стратегиялық мақсаты – тиімді менеджерлердің жаңа толқынын қалыптастыру және еліміздің жаңа буыны үшін пәрменді әлеуметтік лифтілер жүйесін құру. Іріктеу нәтижелері бойынша пулға жаңа формацияның басқарушылары болуға қабілетті талантты және креативті жас қазақстандықтар іріктелді.
Президенттік жастар кадр резервіне алынған кандидаттардың тізімімен жобаның ресми сайтында танысуға болады.