Президент • 15 Қаңтар, 2020

Жаңа идея мен нәтижелі жұмыс күтеміз - Қ.Тоқаев

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордадағы Президенттік жастар кадр резервіне өткен азаматтармен кездесу барысында жоба жеңімпаздарына берілген мүмкіндікті атап өтіп, олардан елді дамытуға тың серпін беретін жаңа идея мен нәтижелі жұмыс күтетінін жеткізді.

Жаңа идея мен нәтижелі жұмыс күтеміз - Қ.Тоқаев

«Әрқайсыңыздан елді дамытуға тың серпін беретін жаңа идея мен нәтижелі жұмыс күтеміз. Алдағы уақытта сіздерді мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға жауапты қызметке жібереміз. Қазірдің өзінде резервке өткен елу бес азамат жаңа қызметке бекітілді», деді ел Президенті өз сөзінде.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жоба міндеті дарынды жастарға мүмкіндік беру екендігін еске салды.  

«Біздің мақсатымыз сіздерді лауазымды қызметке тағайындау ғана деп ойламаңыздар. Бұл – Елді өркендетуге бел буған, сол үшін бар күш-жігерін жұмсайтын азаматтарға арналған жоба. Басты міндет – талантты жастардың Қазақстанды жаңа белестерге көтеруіне мүмкіндік беру» деп атап өтті Мемлекет басшысы.  

Одан бөлек Президент кадрлық резервке өткен азаматтарға сенім артатынын айтты. 

«Қазақстанның болашағы – саналы әрі талапты ұрпақтың қолында. Сондықтан кадрлық резервке өткен азаматтар өздеріне жүктелген жұмысты абыроймен атқарады деп сенемін. ХХІ ғасырдағы Қазақстанды биік белестерге сіздер сияқты білімі озық, ойы ұшқыр жастар бастауы керек» деді Қ.Тоқаев.