Тінту барысында аталған көліктің ішінен жас ет пен мылтық және оның оқтары табылды. Тәртіп сақшыларының болжамы бойынша, ет еліктікі болуы мүмкін. Қолға түскен браконьер – Қарағанды қаласының 63 жастағы тұрғыны өзінің заңсыз аң аулағанын мойындады.
Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.