Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес 2009 жылғы қызметі туралы есебін Мемлекет басшысына ұсынды.
Құжат мемлекеттік органдардың көптеген құқық қорғау мәселелері бойынша Уәкіл бұрын берген ұсыныстардың іске асырылуының талдауын қамтиды. Есепте бұқаралық ақпарат құралдары мониторингінің нәтижелері мазмұндалған, қоғамда үлкен пікірталас тудырған жекелеген мәселелер бойынша Омбудсменнің жұмысы көрсетілген, сондай-ақ мемлекеттік органдарға жіберген тиісті хаттар қамтылады.
Есепте азаматтардың хаттарымен жұмыс, сондай-ақ Уәкілдің және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкерлерінің қоғамдық және халықаралық шараларға қатысуы туралы статистикалық деректер келтірілген.
Есепті Президент мақұлдап, мемлекеттік органдарға құжатты зерделеуді және онда көрсетілген адам құқықтарын бұзу фактілерін жою жөнінде тиісті шара қолдануды тапсырды, деп хабарлады Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі