Аймақтар • 16 Қаңтар, 2020

Алматы облысында 1200 бас шошқа жемдейтін кешен ашылды

856 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаратал ауданындағы «Агро-Инвест-Қаратал» серіктестігі «Аграрлық несие» корпорациясының қаржыландыруымен шошқа етін дайындайтын кешенді іске қосты.

Алматы облысында 1200 бас шошқа жемдейтін кешен ашылды

Үштөбе қаласына орналасқан өндіріс кластерлік жүйемен жұмыс істемек. Мұнда шошқа басын көбейту мен бағып, семірту және сойып ет дайындау жұмысы толық жүзеге аспақшы. Жаңа заманғы технологиямен басқарылатын кешенге 815 млн теңге инвестиция жұмсалған. Өндіріс толық қуатына көшкен кезінде күніне 13 тонна ет дайындалып, 60 адам жұмыспен қамтылмақ.

Қазір мұнда 1200 бас шошқа жемдеуге қойылған. Талпақ танау санын көбейту үшін Дат елінен Ландрас және Йоркшир тұқымдас 312 бас мегежін сатып алынған екен. Айыр тұяқты жануардың үлесін 2400 басқа дейін жеткізу мақсаты тұр. Ал дайын өнім көрші Қытай нарығына жөнелтілмек. Қазір дүниежүзі бойынша шошқа етінің экспорты осы елге бағытталып отыр.