«Снюс» дегеніміз не және несімен қауіпті? Снюс – бұл түтінсіз темекінің бір түрі. Снюстің басты қауіптілігі - оның құрамында никотиннің мөлшері темекімен салыстырғанда бірнеше есе көп болуы ( 1 дана темекіде -1,5 мг болса, снюста - 20 мг - 250 мг дейін).
Снюс жасөспірімдер мен жастар арасында кең таралуда, өйткені оны қабылдаған кезде темекі сияқты иіс шығып, ата-аналарға байқалмауына байланысты.
Снюстің ағзаға зияндылығы:
бой өсуінің баяулауы және тоқтауы;
есте сақтау қабілеті мен назар аударудың концентрациясын нашарлауы;
ашушаңдық пен тітіркенудің жоғарылауы;
иммунитеттің төмендеуі және инфекциялық ауруларға қарсы тұра алмауы;
ауыз қуысында, асқазанда онкологиялық аурулардың пайда болуы.
Снюстің алдын алу бойынша қазіргі таңда 22 акция өткізіліп, 130 дәріс оқылды, тұрғындармен 55 кездесу мен жиындар өткізілді, 501 брошюра таратылды, 3 темекі өнімдерін сатушыға ақпараттық хаттар жолданды, снюстің зияндылығы туралы жадынамалар облыстық Білім беру басқармасына жіберілді, сонымен қатар, департаменттің және басқармалардың әлеуметтік желілерінде жарияланды, 5 рет телеарналарға сұхбат берілді. Ақтөбе облысы әкімі орынбасарының деңгейінде Ақтөбе қаласы әкімінің және аудан әкімдері орынбасарларының, Полиция департаменті, облыстық Ішкі саясат, Білім, Денсаулық сақтау, Кәсіпкерлік және Жастар басқармаларының қатысуымен тиісті іс-шаралар жоспарын қабылдау жөніндегі кеңес өткізілді.
Осы бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.
Егер де сіз облыста снюстің сатылу орындарын білсеңіз, 55-77- 21 немесе 55-77-38 телефон номерлеріне хабарласуыңыз сұралады.