Қоғам • 21 Қаңтар, 2020

Атаулы әлеуметтік көмекке өтініштер ХҚК орталықтарында қабылданбайды - министрлік

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі АӘК тағайындау үшін құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталықтарында беруге болатыны туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты жоққа шығарды. 

Атаулы әлеуметтік көмекке өтініштер ХҚК орталықтарында қабылданбайды - министрлік

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылған атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталықтарында беруге болатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. АӘК тағайындауға өтініштер Халықты жұмыспен қамту орталықтарында және әкімдіктер жанындағы жұмыспен қамту бөлімдерінде қабылданады. Құжаттарды 2020 жылғы қаңтардың соңына дейін тапсыруға болады» делінген министрлік таратқан хабарламада. 

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау критерийлеріне сәйкес келетін азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек ақпан айынан бастап төленеді, АӘК алатын отбасылардың балалары үшін кепілдік берілген әлеуметтік топтама табысталатын болады.